Мәзір
Түркістан облысы
KZ RU
Түркістан облысы
Қазақша
Русский
Кіру
Басты Жаңалықтар
«Ұлы дала мұрагерлері»: Зияткерлік мектептердің 10-жылдығы
«Ұлы дала мұрагерлері»: Зияткерлік мектептердің 10-жылдығы

Тұңғыш Президент күніне орай Астанада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10-жылдығы аясында «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өтті. Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысты.

Мемлекет басшысы Зияткерлік мектептердің отандық орта білім жүйесіне қосқан айрықша үлесін атап өтті.

– 10 жылдың ішінде республикалық НЗМ желісі қазақстанның білім беру саласындағы флагманға айналды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова Елбасына 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын таныстырды.

Химия-биология бағытындағы Алматы қаласы Зияткерлік мектебінің түлегі, Назарбаев Университетінің студенті Абылай Сатылханның тұсауын осыдан 17 жыл бұрын Елбасы өзі кескен болатын. Абылай Мемлекет басшысына «Тұсау кесер» сәтінен естелік фотосуретті сыйлап, еліне адал қызмет етіп лайықты азамат болатынына сендірді.  Павлодар қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Адель Камалдинова Нұрсұлтан Назарбаевқа НЗМ Түлектер ассоциациясының құрмет белгісін табыстады. Президент Зияткерлік мектептердің болашақ студенттеріне 50 жылдан кейін ашылатын жолдау қалдырып, уақыт капсуласына салды. 

Ғылыми жобалардың көрмесінде беделді халықаралық марапаттарға ие болған оқушылар Мемлекет басшысына өздерінің ең үздік өнертабыстарын көрсетті. Ол халықаралық SAT Subject Tests және  ACT емтихандарынан жоғары балл алған Ақназар Қажымұрат,  Қуаныш Мәденнің «Робот – мұржа тазалаушы» жобасы, Альберт Лидің «Робот – терезе жуушы  Polargraph» , Нұрберген Ағаділ, Жангір Сирановтың «Road of the Future», «Safe and Sound» атты жолдағы қауіпсіздікке арналған жобалары болды.

«Цифрлік Қазақстанға қосқан үлесіміз» стендінде еліміздің мұғалімдерге арналған жүйелік-әдістемелік кешені, виртуалды ғылыми зертханалар, Зияткерлік мектептердің оқушылары ойлап тапқан «Kazakh – Latin Converter», «Physics Helper» мобильдік қосымшалар таныстырылды.

Стендтердің бірі халықаралық әріптестікке арналды. Форумға Зияткерлік мектептердің стратегиялық әріптестері –  мектептерді қолдау және бағалау жөніндегі директор,  CIS Халықаралық мектептер кеңесі атқарушы директоры Джейн Ларссон, Кембридж Университетінің білім факультетінің деканы, профессор Сьюзан Робертсон, Cito педагогикалық өлшеулер институтының директоры Жаклин Виссер қатысты.

Форум аясында «Shell Казахстан» басшысы Оливье Лазар Президентке «Мектептерге – күн энергиясы» жобасының іске асырылып жатқандығы туралы айтты. Ол Зияткерлік мектептерде Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі, Астана қаласының  әкімдіктері мен Shell компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мерейлі форумы «Ұлы дала мұрагерлері» концертімен аяқталды.

Ақпарат көздері: www.edu.gov.kz